Орталық Азия медиа форумының қатысушылары Тоқаевты Президент болып қайта сайлануымен құттықтады

Орталық Азия медиа форумының қатысушылары Тоқаевты Президент болып қайта сайлануымен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2022 18:21 Сурет: akorda.kz
Президент Орталық Азия медиа форумына қатысқаны үшін қонақтарға алғыс айтып, елдеріміз арасында көпжақты ынтымақтастықтың дамуы бауырластық және достық қарым-қатынасты нығайта түсетініне сенім білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарына қарағанда, мемлекет басшысы Орталық Азия медиа форумының қатысушыларымен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия медиа форумының қатысушылары – Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен, Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярмен және Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетовпен кездесті.

Мәртебелі меймандар Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, оның бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен саяси жаңғыруларға оң баға берді.

Кездесу барысында халықтарымыздың тарихи тамыры ортақ екеніне назар аударылды. Сондай-ақ олар мәдени-гуманитарлық және ғылыми салаларда бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігі жөнінде пікір алмасты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: