Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: келесі жылы ЖІӨ өсімі кемінде 4% болуға тиіс

Тоқаев , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2022 13:46 Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен үкіметтің алдында тағы бір маңызды міндет тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы парламент сенатында сөйлеген сөзінде экономиканы одан әрі дамытуға барынша күш салуымыз керек екенін айтты.

"Келесі жылы ЖІӨ өсімі кемінде 4% болуға тиіс. Ал, ақшаға шаққанда алғаш рет 250 миллиард долларға жетуі қажет. Ұлттық банк пен үкіметтің алдында тағы бір маңызды міндет тұр. Бұл – инфляцияны ауыздықтау. Тұрмысы төмен тұрғындарға оның қатты тиетіні анық. Осы мәселені шешпесек, экономиканы өркендету мүмкін емес. Халықтың әл-ауқатын арттыру және елге инвестиция тарту қиынға соғады".Президент

Сонымен қатар жаңа өндірістер салып, жұмыс орындарын ашу керек. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту өте маңызды. Әйтпесе, инфляцияның өсуінен азаматтарымыз үлкен зиян шегуі мүмкін. Денсаулық сақтау және білім беру жүйесіне баса назар аудару қажет. Осы орайда, барлық жоспарымыздың орындалу барысын бақылауға алу керек. Соңғы кезде кейбір аймақтарда болған төтенше жағдайлар ел ішінде қордаланған мәселе көп екенін көрсетті.

Тоқаевтің айтуынша, бұл өзгерістерді жалпыұлттық диалог арқылы жүзеге асыру өте маңызды. Осы мәселеге байланысты парламенттің рөлі әлдеқайда жоғары.

"Сондықтан келе жатқан парламенттік сайлауға мен өзім мемлекет басшысы ретінде айрықша мән беріп отырмын. Бұл сайлау еліміздің заңына сәйкес әділ және ашық өтуге тиіс. Жалпы, біз азаматтық қоғамның беделін арттыруымыз керек. Азаматтардың лайықты белсенділігі болмаса, еліміз озық болмайды. Бұл – ақиқат. Дегенмен, азаматтарымыз, ең алдымен, еліміздің алдында жауапты болуға тиіс. Қоғамда заң бірінші орында тұруы керек. Заңның үстемдігі және қоғамдағы тәртіп – еліміздің тұрақтылығының кепілі. Тұрақтылық болмаса, Қазақстан ойдағыдай ілгері баса алмайды. Аймақтағы басты рөлін атқара алмайды. Негізгі мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды құру".Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: