Тоқаев мемлекеттік сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, сапар кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді.
Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірлік арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сонымен бірге маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.
Президент "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитіне қатысады, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript