Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Елімізде "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидаты орныға түсті

Сенат, Парламент, ҚР президенті, Мәжіліс сайлауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2023 10:15 Сурет: akorda.kz
26 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сенатының отырысына қатысып, Қазақстанда "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидаты орныға түскенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің сөзінше, елімізде жүргізіліп жатқан бұл реформалар "билік институттары жүйесінің тепе-теңдігін қалыптастырады". Елдегі саяси үдеріске азаматтардың қатысуына жол ашады. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыра түседі.
"Біздің осы бастамаларымызға қоғам өкілдері қолдау білдірді. Ауқымды жаңғырту жұмысын жүргізуге мүмкіндік туды. Соның арқасында бірнеше жылда айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Бірақ, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлі ауқымды жұмыс бар".Қасым-Жомарт Тоқаев
Осы ретте Мемлекет басшысы қоғамда өркениетті саяси дәстүрді орнықтыру басты мақсат екенін алға тартты.
"Ол үшін жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Онсыз тұрақты әрі жан-жақты даму мүмкін емес".Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент "референдумда халықтың қолдауына ие болған конституциялық реформаны жаңа саяси дәуірдің бастауы" деп атап өтті. Оның сөзінше, бұл өзгерістер "еліміздің саяси жүйесін эволюциялық жолмен дамытуға жол ашты".
"Әділдік, ашықтық және шынайы бәсеке реформалардың негізгі арқауына айналды", – деп түйіндеді ойын Президент.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: