"Қалғанын қайтармай-ақ қойыңыз". Тоқаев тараздық қолөнершілерден қамшы мен құмыра сатып алды

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2023 01:14 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-жомарт Тоқаев Тараздағы қолөнершілер көрмесіне барғанда қамшы мен құмыра сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың сауда жасаған сәтінің видеосын жариялады. 

Қолөнерші Cерік Ықылас Президентке қамшы 16 мың теңге тұратынын айтты. Тоқаев осы кезде әмиянынан ақша шығарып, үстелдің үстіне қойды. "Қалғанын қайтармай-ақ қойыңыз" деп жауап берді.


Президент сонымен бірге қыш құмыраны қолына ұстап көріп, сатып алуға ниет білдіргенде қолөнерші әйел "Өз қалауыңызға қарай бағалауыңызға болады" деп жауап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев осы кезде әмиянын ашып, 10 мың теңгелік қағаз банкноттың екеуін ұсынды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: