Президент "Қазақстанның жылыжай технологиялары" компаниясын аралады

Президент "Қазақстанның жылыжай технологиялары" компаниясын аралады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 17:56 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Степногорск қаласындағы «Қазақстанның жылыжай технологиялары» компаниясына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке жылыжай өнімдері – қияр, қызанақ, бұрыш және басқа да көкөністер мен гүл өсірудің заманауи технологиялары таныстырылды. Кәсіпорынның жылдық өндіріс қуаттылығы – 2,4 мың тонна.

Жылыжай кешенінің жалпы ауданы – 5 гектар. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4,8 миллиард теңгені құрайды. 2023 жылы баклажан және құлпынай өсіру бөлімшелерін іске қосу жоспарланып отыр. Компанияның өнімдері толығымен Қазақстанның ішкі нарығында сатылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: