Түркістанда Тоқаев пен Бердімұхамедов "Этноауыл" кешенін аралады
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы "Әзірет Сұлтан" музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысты.
Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері шеберлерінің туындылары көрсетілді, салт-дәстүрімізді паш ететін театрландырылған қойылым ұсынылды.
Сонымен қатар олар тазы мен қыран құстарды тамашалады.

Сурет: Ақорда
Бұған дейін Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барғанын жазғанбыз.



