Түркістанда Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездеседі

21-22 сәуірде Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"21-22 сәуір күндері Түркістанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді", делінген Ақорда хабарламасында.
Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасы және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады.
Бұған дейін Мемлекет басшысының елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтағанын хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript