Қазақстан мен Франция қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсететін болды
Сурет: akorda.kz
15 ақпан күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Құжат қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдеуге бағытталған процессуалдық әрекеттер жүргізуді көздейді.
Мұндай шаралардың қатарында қамаудағы адамдарды уақытша ауыстыру да бар. Сондай-ақ мұндай шарттар тергеудің толықтығын қамтамасыз ету, куәлардан, жәбірленушілерден жауап алу, заттай дәлелдемелерді тәркілеу туралы өтініш жіберуге мүмкіндік береді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript