Тоқаевқа ұлттық бірегейлікті дамытуға қатысты ұсыныстар баяндалды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшесі Талғат Қалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының" директоры Талғат Қалиевті қабылдады, делінген Ақорда хабарламасында.
Ұлттық құрылтай мүшесі Президентке елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында ұлттық бірегейлікті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар саясаттанушы зерттеу орталықтарының қоғамдағы рөлі, соның ішінде "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтыны"» атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript