Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлі-зайыпты заңгерлер Дәулет Тұрлыхановтың сөзін жоққа шығарды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 19:50 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Адвокат Анна Дмитриевич жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың сөзін жоққа шығарды. Ол күйеуі екеуінің депутаттың ұлымен татуласуға ниеті жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Меннен де, Олегтен де (Аннаның күйеуі - ред.) татуласу туралы сөз шыққан жоқ. Оған мұндай ақпаратты кім бергені түсініксіз. Ешкім бізге емделу үшін ақы ұсынған жоқ, мұнысы да шындыққа келмейді", — деп жазды адвокат Instagram-дағы парақшасында.

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы - Нұрасыл Болат 11 ақпанға қараған түні шабуылға ұшыраған жас қызға көмектесуге тырысқан қазақстандық заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновқа қол көтерген. 

29 наурызда Amanat партиясы атынан депутат мандатына ие болған Дәулет Тұрлыханов Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін дәлізде журналистерге берген сұқбатында аталған істің барысына тоқталып, атап айтқанда, "олардың (зардап шеккен адвокаттар - ред.) татуласуға келіскісі келетіні туралы ақпарат бар" деген. 

Ол болған оқиғадан кейін жәбірленушілермен кездесуге тырысып, кешірім сұрағанын және ем-дом жағынан көмектесуді ұсынғанын айтты.

Нұрасыл Болатқа қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігі, яғни "Екі және одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Ол Жамбыл облысында қалалық типтегі Отар ауылында орналасқан Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлерінің оқу орталығында оқуда жүр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: