Ақтөбеде гараждардың бірінен сатуға арналған 100 келіден астам есірткі заттары табылды
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде гараждардың бірінен полицейлер жүз келіден астам есірткі заттарын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен облыс орталығының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.
"Тінту іс-шаралары барысында 5 қап (100 кг.), ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заты бар 170 дана сіріңке қорабы (болжам бойынша марихуана), 200 дана пластинка (болжам бойынша гашиш) және жеке тінту кезінде 1 350 000 теңге табылып, тәркіленді", делінген полиция хабарламасында.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Қазіргі уақытта тінту шаралары әлі жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript