Рудныйда полицейлер синтетикалық есірткінің үлкен партиясын тәркіледі

Есірткімен күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 18:54 Сурет: видеодан алынды
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 32 жастағы азаматтан есірткі затының 12 түйіншегін табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД-ның мәліметінше, кейіннен Рудный қаласының саябақ аймағында ұсталған адам жасаған "жасырын орындар" табылды.


"Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ас үй шкафынан есірткі заты салынған тағы 70 пакет табылып, тәркіленді. Табылған синтетиканың жалпы салмағы - 30 гр.", делінген хабарламада.

Қазір ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті УҰИ-на қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: