Ақмола облысы тұрғынын бірнеше рет несие рәсімдеуге мәжбүрлеген күдікті ұсталды

Ақша бопсалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2023 13:27 Сурет: Zakon.kz
20 сәуірде Көкшетау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс тұрғынына қорқыту және зорлық-зомбылықты қолдану арқылы бірнеше рет тауарлық және ақшалай несиелер рәсімдеуге мәжбүр еткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығын көлемі - 1,5 млн теңге.

"Бұл факт ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Істің өзге мән-жайлары анықталуда. Осы баптың санкциясы үштен жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", делінген полиция хабарламасында.

Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: