Жаңалықтар тізбегі
0

Серік Күдебаев елден қашу фактісі бойынша тағы да қосымша сотталады

Қаңтар оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 18:11 Сурет: Zakon.kz
28 сәуірде Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты жарияланған сот үкімі тек қаңтардағы оқиғаларға қатысты. Елден қашу фактісі бойынша ол бөлек сотталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Талдықорған қалалық сотының дәлізінде журналистерге сұқбат берген Жетісу облысы прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары Саян Дүйсебаев мәлімдеді. Оның айтуынша, елден қашу туралы іс бойынша жеке іс жүргізілуде, оның алдында жарияланған сот үкіміндегі мерзімге ешқандай қатысы жоқ.

Күдебаевтың сот төрелігінен жалтарғаны туралы 2023 жылдың 3 сәуірінде, яғни оның сотқа кезекті рет келмей қалуы кезінде белгілі болды. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратура мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Бұрынғы полиция басшысы тағы бір баппен сотқа тартылып, сонымен іс шектеледі ме, ол жағы әлі белгісіз.

Серік Күдебаевтың ұсталғаны туралы 27 сәуірде белгілі болды. Ол Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

28 сәуірде Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды. Ол ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігінде ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану"), 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында ("Азаптау") көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: