Жаңалықтар тізбегі
0

"Үкіметтің сапасыздығына байланысты". Ташкентті "сату" туралы жарнама жариялаған оқушы ұсталды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2023 13:58 Сурет: wikimedia
Өзбекстанда бір оқушы әзілдеп, әлеуметтік желіге Ташкенттің сатылатыны туралы хабарландыру жариялады. Елдің ІІМ киберқауіпсіздік орталығы бұл ақпаратты тексеріп, жарнаманы орналастырған адамның жеке басын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқушы Өзбекстан астанасын 250 миллиард АҚШ долларына "сатқысы" келіпті.

Артықшылықтар қатарына ел тұрғындары наразылық білдірмейтін, тез алданатын, жайбарақат жандар екендігі атап көрсетілген, деп жазады Газета.uz.

Өзбекстанның "К" бөлімі Telegram-арнасында оқушыны ұстаған бейнероликпен бөлісті.



Оқушы 7 сәуірде OLX порталында сату туралы хабарландыру жариялады.

"Ташкент қаласы үлкен сауда байланыстары бар жаңадан дамып келе жатқан тамаша қала. Халқы - 3 миллион бейбіт тұрғын (наразылық білдірмейді, жайбарақат, еңбек етпей келген ақшаны жақсы көреді, тез алданады, өздерінен жақсылап ақша жасауға болады). Азаматтардың салық түсімдеріне салынған тамаша нысандар да бар (сіздің пассивті табысыңыз үшін тамаша құрал). Ауа-райы керемет, бірақ қыста шағымдар түсуі мүмкін. Кездесу кезінде барлық мәліметтер кеңінен талқыланады. Саудаласуға болады. Үкіметтің сапасыз болуына байланысты сатамын", делінген оқушы жарнамасының мәтінінде.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: