Жаңалықтар тізбегі
0

Атыраудағы сауда үйлері енді жұмыртқаны шектеулі көлемде сата бастаған

Тапшылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2022 23:04 Сурет: primeminister.kz
Тұрақтандыру қорының өнімдері сатылатын супермаркетте тауық жұмыртқасы -35,6 теңге. Бұл – аймақтағы ең арзан баға. Бірақ  жұрт оны қалағанынша сатып ала алмайды. Бір қолға 10 дана ғана беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырауда  жұмыртқа сатып алуға шектеу қойылды. Супермаркеттерде бір қолға 10 дана ғана беріледі. Ал базарда жұмыртқаның бір данасы - 45-50 теңге. Мамандар бұл қымбатшылықты өзіндік бағаға жем-шөптен бөлек вакцина құны да еніп отырғандығымен түсіндіреді, деп хабарлайды Astana.tv.

"Тұтынушыларға жетпей қала ма" деген  себеппен шектеу қойылды. 90 дана, 1 қорап алып жатады. Ұйымнан келдік деп 2-3 қорап сұрағандар да болды.  Халықтың бәріне біркелкі жұмыртқа жету үшін, ажиотаж, талас болмас үшін  сондай шектеулер қойылды. Сауда үйінің меңгерушісі Дамира Тұрысбаева

Ал базарда жұмыртқа емін-еркін сатылуда. Бірақ  онда едәуір қымбат.  

Кеше, алдыңғы күні телефон соққанымызда "баға көтеріледі" деп сатпады, әкелмеді бізге. Сондықтан біз алмадық. Енді бүгін әкелді, 42-мен әкелді, бір теңге қосып: 43,44-пен сатып тұрмыз. Оның ар жағында 37,39 болды. Кәсіпкер Әсима Ағаділова

Жергілікті өнімнің де бағасы тұрақты емес. Қаладағы жалғыз құс фабрикасының жұмыртқасы 38-42 теңгеден саудаланып жатыр.  

С-1 38-ден болды, С-2 35-тен болы. Одан кейін бірден көтеріліп кетті жұмыртқа. Қымбатсынса да алып жатыр.   Сатушы Меруерт Дүйсенғалиева

Атыраулықтар тұтынатын жұмыртқаның 70 проценті өзге облыстардан тасымалданады.  Бағаны өсірген солар,- дейді жауаптылар.

Ірі тасымалдаушы мекемелерге анализ жүргіздік. Енді олардың мәліметтері бойынша, жем бағасы, вакцина бағасы қосылған. Фабрикадағылар солай деген. Сол себепті өсім байқалып отыр, - дейді. Атырау қалалық Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Дәулетов

Соңғы аптада баға  бірнеше мәрте қымбаттаған.

Сондықтан кондитерлік цехтар мен шағын дүкен иелері тұрақтандыру қорының арзан жұмыртқасын сатып алуға көшкен. Алыпсатарлықтың жолын кесу үшін енді жұмыртқа санын шектеумен сатуға мәжбүрміз, - дейді билік өкілдері.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: