Алматы полициясы австралиялық туристтің өліміне қатысты мәлімет ұсынды
Сурет: Zakon.kz
21 мамырда австралиялық турист Үлкен Алматы көліне (БАО) серуендеуге шығып, содан жоғалған. Бүгін, 23 мамырда жоғалған турист өлі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі зорлық-зомбылық белгілері жоқ Hard Jake Michael-дың денесі табылғанын нақтылады.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Үлкен Алматы көліне жақын Аю-Сай шатқалында қаза тапқан 1995 жылы туған Herd Jake Michael-дың денесі табылды. Жеке заттары өзімен бірге болды. Кісі өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды". Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов
Туристтің іздестіріліп жатқаны туралы 23 мамырда таңертең белгілі болды. Жедел штаб құрылып, іздеу жұмыстарына қаланың барлық шұғыл қызметтері, дрон және тікұшақ тартылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript