Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында прокуратура балалардың конституциялық құқықтары өрескел бұзылғанын анықтады

Көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 21:26 Сурет: pixabay
Қобда ауылында 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 9 ай бойына қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз мектеп-интернат жұмыс істеп келгені анықталды, онда ауылдық жерлердің 15 баласы білім алуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қобда ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында балалардың конституциялық құқықтарының өрескел бұзылғанын анықтады.

"Интернат қызметі жалпы білім беру мекемесінің жанында ұйымдастырылғанымен, оның құрылтай құжаттарында бұл жайлы мүлдем көрсетілмеген. Мектеп және мектеп жанындағы интернат оқушыларына арналған ішкі тәртіп ережелері заңды күштерін жойған құқықтық актілер негізінде әзірленген. Көпбалалы отбасылардан шыққан балалар мемлекет кепілдік берген тегін киіммен және аяқ-киіммен қамтамасыз етілмеген".Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Сонымен қатар, интернат ғимараты уәкілетті органдардың санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысыз пайдаланылған.

Міндетті медициналық тексеруден өтпей (санитарлық кітапшасыз) интернат асханасының қызметкері жұмысқа жіберген.

"Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргеніне, сондай-ақ сапалы білім алуға конституциялық құқықтарының шектелгеніне қарамастан ЖАО лауазымды тұлғалары әрекетсіздік танытып, оларға қатысты уақтылы шаралар қабылданбаған. Тек прокуратураның араласуынан кейін ғана білім бөлімі мектеп-интернаттың жұмыс істеуіне қажетті барлық рұқсат құжаттарын алуға өтінім жолдады және балаларды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады". Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актісімен барлық кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылғаны да нақтыланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: