Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеден тұңғыш президент алынып тасталуы мүмкін
Атап айтқанда, Мемлекеттік күзет қызметі ережеcі жаңа редакцияда жазылған.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметі – ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және заңнамада белгіленген құзыреті шегінде ҚР Президентінің, басқа да күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.
Ал "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты ережеден Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасын қорғау алынып тасталды.
Мемлекеттік күзет қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.
Жарлық жобасы 14 маусымға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Ереженің қолданыстағы редакциясында былай жазылған: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік күзет қызметі) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының, басқа да күзетілетін адамдардың, объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган".
2023 жылғы 23 ақпанда "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойылды.