Сенат ТМД аумағында жалған тауар белгілерінің жолын кесу туралы заң жобасын мақұлдады

Сенат, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 10:15 Сурет: senate.parlam.kz
2023 жылғы 8 маусым күні Сенат "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжаттың мақсаты – жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу және жолын кесу бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау. Келісімге 2021 жылғы 28 мамырда ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысында мынадай мақсатта қол қойылды:

  • жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштері бар тауарларды өндіру мен өткізудің анықталған фактілері, осындай тауарларды экспорттау немесе импорттау әрекеттері туралы ақпарат алмасу;
  • өнеркәсіптік меншік саласында бірлескен ғылыми зерттеулер, семинарлар мен конференциялар өткізу;
  • тиісті әдістемелік және арнайы әдебиеттермен алмасу;
  • зияткерлік меншік құқықтарын күзету және қорғау саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
  • жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштері бар тауарларды өндіру мен өткізудің, оның ішінде оларды экспорттаудың немесе импорттаудың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және алдын алу жөніндегі іс-шараларды бірлесіп жоспарлау және жүзеге асыру .
"Заңды қабылдау ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштері бар тауарларды өндіруді және өткізуді бірлесіп алдын алуына, анықтауына және жолын кесуіне, сондай-ақ мұндай тауарлардың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы өтуіне қарсы іс-қимыл жасауына мүмкіндік береді".ҚР Парламент Сенаты

Келісімнің ережелерін оған қатысушылардың іске асыруы жөніндегі өзара іс-қимылды үйлестіру ТМД салалық ынтымақтастық органы – Зияткерлік меншікті құқықтық күзету және қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңеске жүктелген.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: