Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі журналистерді заң талаптарын сақтауға шақырды
Сурет: Facebook/darhan.hidirali
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында журналист Думан Мұхамедкәрім туралы ақпаратпен танысқанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол журналистік қызметі үшін емес, заңды бұзғанына байланысты айыпталып отыр.
"Қазақстан – құқықтық мемлекет, заң алдында бәріміз бірдейміз. Сондықтан әріптестерімді заңды бұзбауға және оны құрметтеуге шақырамын". Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі
Министр журналистер Мәжіліс дәлізінде өзінен осы мәселе туралы сұрағанын да айтады.
"Сол жерде де "саяси көзқарас үшін" деп қоғамдық тәртіпті бұзғанына байланысты айыпталғанын меңзеген едім". Дархан Қыдырәлі
Айта кетсек, Думан Мұхаметкәрім Мәжіліс сайлауына өз үміткерлігін ұсынған журналист. Ол 30 қаңтарда Мәжілістегі сайлау додасынан шеттетілді. 20 наурызда Думан Мұхаметкәрім Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырды. 21 наурызда оның 25 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. 15 сәуірде ол қамаудан босатылғанымен, 2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript