Степнагорскіде біреудің көлігін ұрлап, жол апатына ұшыраған келіншек ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Қалалық ПБ-ға жергілікті тұрғыннан 9 маусымға қараған түні үйдің ауласында тұрған өзіне тиесілі Toyota Windom автокөлігін белгісіз адам айдап әкеткені туралы шағым келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірдің ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, залал сомасы 3,5 млн теңгені құрады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі, яғни "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
"Күдікті келіншектің айтуынша, ол үйіне мас күйінде оралған, есік алдына келгенде ауладан кілті ішінде қалып кеткен көлікті байқайды. Еш ойланбастан көлікке мінген әйел рөлге ие бола алмай, бағанға соғылған", делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оның іске қатысты деңгейі тексеріліп жатыр.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript