Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысының әкімдігі киіз үйді үш есе қымбатқа сатып алмақшы болған

Мемлекеттік сатып алулар, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2023 19:58 Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Жетісу облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы киіз үйді 13 миллион теңгеге сатып алмақшы болған. Оның негізгі нақты құны - 4,5 млн теңге, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз асыра сілтенген бағаларға ғана мониторинг жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының сақталу заңдылығын да бақылап отырамыз. Жыл басынан бері "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалымен бірлесіп өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Тек бір жерден негізсіз шарт жасасудың 70 фактісі анықталды", - деді Zakon.kz тілшісіне облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов.

Жалпы, мониторингтің арқасында жыл басынан бері жергілікті бюджеттің 616 миллион теңгесін үнемдеуге мүмкіндік туды.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қағидаларын бұзғаны үшін мемлекеттік мекемелердің бірқатар басшыларына жалпы сомасы 10 миллион теңгені құрайтын 50 айыппұл салынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: