Талдықорғанда білім бөлімінің бұрынғы басшысы өлі күйінде табылды
Сурет: Zakon.kz
Өткен демалыс күндері Қаратал өзенінің маңынан Талдықорған қаласы білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу облысы полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің денесінен зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері табылмаған. Бұл факт тиісті тексеру шараларын ұйымдастыру үшін қалалық полицияда ресми түрде тіркелді.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның аясында өлімнің себебі анықталады", делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Роза Барманова 2016 жылдан 2022 жылға дейін қалалық білім бөліміне басшылық етті.
Айта кетсек, 2023 жылдың сәуір айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстағаны белгілі. Оларға бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деп күдік келтіріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript