Алматыда көлік тұрағында болған төбелеске қатысты полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2023 21:17 Сурет: видеодан алынды
10 маусымда түнде Алматыдағы Colibri сауда орталығының көлік тұрағында болған төбелеске қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің бауырының айтуынша, оған және оның жанындағы достарына қастарынан өтіп бара жатқан топ жігіт киліге кеткен. Instagram-дағы парақшасында ол төбелестің видеосын жариялады.

Төбелес кезінде жәбірленуші басымен соғылып, бас-сүйегі сынып, ауруханаға жансақтау бөліміне түскен.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін айтты. Қылмыстық іспен Медеу ауданының полициясы айналысуда.

"Бұл қылмысқа қатысты күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта істің басқа мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыдағы жанар-жағармай құю бекетінде үш ер адамның төбелесінің видеосы жарияланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: