Баспаналы болуға асыққан бір топ қызылордалық алаяққа 10 млн теңге ұстатқан
Сурет: pixabay
13 маусымда қаладағы ПБ-ның кезекші бөліміне 14 тұрғыннан алаяқтық әрекетінің құрбаны болғандығы жөнінде арыз келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленушілерден қаскөй 2022 жылдан бастап "мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген жылжымайтын мүлікті кезексіз алып беремін", "баспана алу үшін кезегіңді жылжытып беремін" деп, алдап-арбау жолымен 10 миллион 820 мың теңге ақшаларын алдап алып келген.
"Жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотты болған 27 жастағы күдікті азамат ұсталды", делінген полиция хабарламасында.
ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Мән-жайлар анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript