Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы құмар ойындарға заңмен шектеу енгізілмек пе

Мәжіліс талқысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2023 20:37 Сурет: senate.parlam.kz
Соңғы уақытта Мәжіліс депутаттары тарапынан құмар ойынды шектеу мен тыйым салу төңірегіндегі ұсыныстар айтылуда. Ендеше, көп ұзамай Қазақстанда заңды құмар ойындарды реттеудің жаңа ережелері енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір белгілісі, тыйымдар мен талаптарды күшейту бүтін индустрияны тағы да көлеңкеге тығуы мүмкін.

Тағы бір шындық, қазір Қазақстанда құмар ойынның жарнамасы қаптап кетті. Депутаттардың талабымен істің түбі құмар ойынның жарнамасына тыйым салатын жаңа заңның қабылдануымен тынатын сияқты. Мәдениет және спорт министрлігінде қазір осындай идея талқылануда. Бір кездері тура солай алкоголь мен темекінің жарнамасына тыйым салған едік. Бірақ одан елімізде ішімдік ішу мен темекі шегу түк те азайған жоқ.

Құмар ойындардың зиянды тұстары баршаға белгілі. Десек те Қазақстандағы заңды ойын бизнесі қоғамда қандай әлеуметтік жауапкершілік арқалайтынын көпшілік біле бірмейді. Мәселен, еліміздегі лотерея ойындарының жалғыз операторы – "Сәтті жұлдызды" мысалға алайық. Лотерея – Қазақстанда халық арасына тым терең енген ойын емес. Қазақстандықтар жан басына шаққанда лотерея өнімдерін тұтынуға жылына 26 доллар жұмсайды. Бұл - тек ресми дерек. Іс жүзінде одан да аз жұмсайды. Салыстырмалы түрде айтсақ, Еуропаның кей елдерінде бұл көрсеткіш жылына 500 долларға жетеді. Содан болар, Еуропада лотереяның арқасында спорт, медицина, білім-ғылым сияқты тұтас әлеуметтік салалар мықты қолдауға ие.

Жалпы, лотереяның функциясына әлеуметтік жауапкершілік кіреді. Ежелден солай. Ұлы Қытай қорғаны лотереядан түскен ақшаға салынған, ежелгі Римде лотереяның ақшасына жолдар мен көпірлер, күні бүгінге дейін жеткен кей ғимараттар салынған. Лотерея кез-келген мемлекеттің экономикасында маңызды рөл ойнайды, егер ол әрине, заңды ойын болса. 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасы "Спортлотоның" ақшасына өткізілді. 2012 жылғы Лондон олимпиадасын өткізуге букмекерлер, казино мен лотереядан түскен ақша салынды. Бұл дегеніміз, бүкіл әлемде лотерея ойындары мемлекет тарапынан бақыланады деген сөз. Қазақстанда да солай. Қазақстандық ойын бизнесі де заң аясында әлеуметтік жауапкершілікке міндеттелген.

Заңға сәйкес, Қазақстанда да Еуропадағыдай ойын бизнесі секторы өз табысының 10%-ын әлеуметтік салаға, демеушілік пен қайырымдылыққа жұмсайды. 2022 жылы ұлттық лотерея бұқаралық спортты дамытуға 3,7 млрд теңге аударды. Одан бөлек, 2022 жылдың басында ұлттық лотерея тағы 10%-ды "Қазақстан халқына" қорына аударды. Ал 2023 жылдың бірінші тоқсанында "Сәтті жұлдыз" "Қазақстан халқына" қорына 1 млрд-тан астам теңге аударды. "Спорт қорына" осы уақытқа дейін 7,6 млрд теңге салды. "Спорт қоры" – бюджеттен тыс қаражатты спортты дамытуға бөлетін ұлттық оператор.

Сонымен қатар, "Сәтті жұлдыз" 2022 жылы "100 ауыл", студенттік гранттар, "Ана тілім", тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп түлектеріне грант беру сияқты түрлі алты жобаны өз қолымен өз ақшасымен жүзеге сәтті асырды. Қазіргі күні Қазақстанда ұлттық лотереяның агенті ретінде 7 мыңдай адам жұмыспен қамтылған, олардың 4 мыңға жуығы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. 2022 жылы Қазақстанда ойнатылған лотереялардың қорытындысы бойынша, 118 адам миллионер атанды. 7 адам жаңа көлік, 5 адам жаңа пәтер ұтқан.

Заң аясында, қалыптасып, дамып, әлемдік лотерея ұйымдарының мүшелігіне кіріп, "жауапты ойын" саясатының жоғары стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін бүтін индустрияны "артық қыламыз деп тыртық қылмау" жағына популизмнің жетегінде жиі жүретін біздің шенеуніктер мен депуттатар мән беруі керек екенін қаперден шығармайық.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: