Павлодарлық зейнеткерлерді 25 млн теңгеге алдап соққан күдікті топ құрықталды
Сурет: Zakon.kz
Павлодар қаласында полиция бөліміне егде жастағы 30-ға жуық тұрғын алаяқтық бойынша шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алаяқтық әрекеттер жасау күдігі бойынша қылмыстық топ ұсталды. Олар 19-21 жас аралығындағы Павлодар қаласының төрт тұрғындары болып шықты.
"Қазір олардың алты алаяқтық фактісіне қатысы бары анықталды, алдау арқылы зейнеткерлерден шамамен 25 млн теңге қаражат иеленген. Ұсталғандардан 3 млн 900 мың теңге тәркіленіп, екі жәбірленушіге қайтарылды. ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы,тағы екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы жазылым түріндегі бұлтарпау шаралары таңдалды", делінген хабарламада.
Олардың ұқсас фактілерге қатысуы тексерілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript