Жаңалықтар тізбегі
0

Оралдықтар көлігін заңдастыру үшін мамандандырылған ХҚКО алдына түнеуге мәжбүр

Автокөлік заңдастыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 23:25 Сурет: Zakon.kz
Шетелден сатып алған көлігін заңдастырмақ болған оралдықтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алдында қонып жүр. Себебі ішкі істер министрлігі бекіткен мерзімнің бітуіне бір аптадай уақыт қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana.tv мәліметінше, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алды қазір көлікке лық толы. Кеше түнде келгендердің алды қазір көлігін рәсімдеуге кіріссе, ұшы-қиыры жоқ кезектің соңы жаңа техникамен сәт санап толығып жатыр. Темір тұлпарын заңдастырмақ болған Әлиханға "көлігіңіз 2023 жылдың қыркүйегінде келеді" деген түсініксіз хабарлама келіпті. Бұған түсінбеген жігіт енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қақпасын күзетіп отыр. Жұртпен таласып кезек алып, алғашқылардың бірі болып кірмек.

"250 шақырым жерден жаңа келіп, кезек алайын деп тұрмыз. Осында қонбақпын. Енді бұлай болмауы керек қой. Бәрі өзінің талабымен өтуі керек. Онымен бізде мынадай боп жатыр жағдай. Машинаны 300 мыңға алдық. Енді 200 мыңға рәсімдейміз. Сонысы қиын болып тұр. Халықта жағдай жоқ". Автокөлік иесі Максим Әлиханұлы


"Үш күннен бері тұрмыз. Соның бәрін естіп, жұмыстан сұранып, ертең таңертең алтыда келем, кезек аламмын деп ойлағанмын. Оған ел айтып жатыр: түнде кезек қойып қой деп. Себебі таңертең барсаң кешке дейін бітпейді шаруаң деп". Автокөлік иесі Айгүл Ақбаева


Полиция дерегінше, Батыс Қазақстан облысында 200 мыңға тарта көлік тіркелген. Ал шетелдік техниканың нақты есебі жоқ. Шекарасы Ресейдің бес облысымен шектесетін оралдықтар әрісі армянның, берісі беларус, орыстың көлігін мініп жүр.

"Негізі Армения мен Грузиядан әкелінген көліктердің жағдайы өте жақсы. Ал Ресейден келетін көліктің бәрі – "Лада". Көбі шіріп, тозығы жеткен. Үкімет осындай жеңілдік жасап, автопаркті жаңартып алғысы келген шығар? Бірақ тозығы жеткен көліктер енді қайтадан көбейеді. Осының кесірінен жол апаттары да жиілеуі мүмкін". Автосарапшы Нұрлыбек Рахман


"Тыйым, арест барлығын қойып жатырмыз. Тек тіркелмейтін автокөліктердің бір - ұрлық автокөліктері, қандай да бір кузовының нөмір белгілеріне өзгерістер енгізіп, сондай автокөліктер қойылмайды. Бүгіннен бастап 1 шілдеге дейін үлгіруі керек, бәрін қойып. Ол қойыла ма, қойылмай ма, оған қандай да бір шектеуі бар ма, оған қарамау керек те, қоюы керек". БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин

Бүгінде еліміздегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен әкімшілік полиция басқармалары күшейтілген режимге көшіп, жұмыс уақыты ұзартылды. Бір ғана Оралдың өзінде 13 мыңдай көлік заңдастырылған. Дегенмен бұл мүмкіндік былтыр 1 қыркүйекке дейін елімізге әкелінген шетелдік көліктерге ғана беріледі. Ал заң талабына сай келмеген техниканы қолдануға енді тыйым салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: