Президент электросамокаттар қозғалысына шектеу енгізетін заңға қол қойды

Самокат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 19:12 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңға қол қойылғаны туралы қаулыны Ақорда жариялады.

Заңның негізгі мақсаты - қозғалыс құралдарының жаңа түрлерін пайдаланатын азаматтар арасында туындайтын қатынастарды реттеу.

Заңда электросамокаттар мен шағын электр көліктері жүргізушілерінің түсініктері, сондай-ақ құқықтары мен міндеттері нақтыланады.

Заңның қабылдануымен электросамокаттар және қозғалыс құралдарының басқа да жаңа түрлерінде кез келген санаттағы құқықтары көрсетілген жүргізуші куәлігіне ие болған, тек 18 жасқа толған адамдар және басында түймеленген дулыға, үстінде жарық шағылыстыратын киім киіп жүре алады.Бұдан басқа, шет мемлекеттің құзыретті органында тіркелген көлік құралдарын тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің көлік құралдарын тоқтатуының негіздерін белгілейтін түзетулер енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: