Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте адамды азаптап өлтірді деп айыпталған полицейлерге қатысты сот үкімі шықты

Азаптау, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2023 20:13 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте атышулы сот процесі аяқталды. Полиция департаментінің қабырғасында 31 жастағы Нұрболат Жұмабаевтың көз жұмуына байланысты қозғалған іс бойынша төрт жоғары лауазымды полиция қызметкеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында ашық қаралды.

Полицейлерге "Жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеліп соқтырған адамдар тобының азаптауы және пайда табу мақсатында күш қолдану арқылы билігін асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылды.

Сот үкімімен Шымкент қаласы ПД Криминалдық полиция бастығының бұрынғы орынбасары 7 жыл 6 айға, ПД КПБ бастығының тағы бір бұрынғы орынбасары 7 жылға, Қаратау аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің бұрынғы бастығы 3 жыл 6 айға және криминалдық полиция қызметкері 2 жылға сотталды. Сондай-ақ олар құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан айырылып, марапат, атақтарынан да айырылды.


Жаза тағайындау кезінде сот жәбірленуші тараптың өкілдерінің пікірін, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескерді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушылар сот залынан айдауылмен әкетілді, олардың барлығы қамауға алынды. Сотталғандардың туыстары журналистердің сот процесін жария етуіне қарсы болды.

Нұрболат Жұмабаев досы Сергей Петровпен бірге 2021 жылдың желтоқсанында көлік ұрлады деген күдікпен ұсталған болатын. Оларды полиция бөлімшесін жеткізген, онда бірнеше сағат жауап алудан соң Жұмабаевтың жүрегі тоқтап қалған. 

Марқұмның туыстары физикалық тұрғыдан мықты, дені сау жас жігіттің өлімі кездейсоқ емес екеніне сенімді, өйткені ұсталған екінші адамның денесінен көптеген көгеру іздері анықталып, миы шайқалғандығы да белгілі болып отыр.


Азаптау, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2023 20:13

Сурет: Zakon.kz


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: