Қазақстанда интернетте жалған ақпарат таратқандар әкімшілік жазаға тартылатын болды
Сенат бұл заңды 2023 жылдың 21 маусымда талқылап, қол қою үшін Президентке жолдаған болатын.
"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру, әкімшілік жауапкершілікті енгізумен қатар байланыс және интернет қызметі саласында тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте, егер қоғамдық тәртіпті, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін бұзу үшін жағдай туғызушы онлайн-платформалардың пайдаланушылары мен ықпал етушілері/инфлюенсері жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік алады деген бап пайда болды.