Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысының полицейлері интернет-алаяқтықпен күрестің жаңа жобасын таныстырды

Жаңа жоба, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2023 19:43 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Министр Марат Ахметжановтың тапсырмасын орындау мақсатында Тараз қаласының полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің ғимаратында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің және ПД бастығы Арманбек Баймурзиннің қатысуымен "CyberPol" пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға прокуратура өкілдері, банк басшылары мен қауіпсіздік қызметтері қатысты.

Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Алмаз Саламатов жаңа жобаны таныстырып, бөліністің заманауи цифрлық зертханасының басымдықтары туралы айтып берді.

Бағдарламаның мақсаты – цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл, басқаша айтқанда, интернет-алаяқтыққа қарсы күрес.

"CyberPol" тобының құрамына тергеушілер, жедел уәкілдер және криминалист-мамандар кіреді. Арнайы бөліністің жұмысы екі негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және әрбір қылмыстық іс шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларының толықтығын қамтамасыз ету.

Ағымдағы жылы өңірдегі киберполиция қызметкерлері 28 кәсіби алаяқты ұстады. Олардың 16-сы – басқа облыстардың тұрғындары. Алаяқтар өз мақсаттарына жету үшін қолданатын 190 “дроппер” анықталды.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 6 айында Жамбыл облысының аумағында интернет алаяқтықтың 90 дерегі тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыстардың 40,8%-ға төмендеу көрсеткіші байқалады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: