Семейде туды желбіретіп алып жүрген қымбат көліктің жолаушысына айыппұл салынды
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Семейдегі аспалы көпірмен жоғары жылдамдықпен құйғытқан жол талғамайтын көліктің люгінен басын шығарып, Қазақстан туын желбіреткен ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 тамызда екі адам жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
23 жастағы HYUNDAI Palisade көлігінің жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ осы көліктің жолаушысы жаяу жүргіншілер мен жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Абай облысының полиция департаменті жүргізушілер мен жолаушылардан жолдарда өте мұқият болуды, қайғылы салдарға әкеліп соғуы мүмкін негізсіз қауіпті маневрлер жасауға жол бермеуді сұрайды. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз". Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript