Тараз тұрғынынан аса ірі мөлшерде героин табылды

Есірткімен күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 18:43 Сурет: polisia.kz
"Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Тараз қаласында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 45 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің Тараз қалалық прокуратураның бірлесуімен жүргізілді. Жеке тінту барысында күдіктінің киімінің қалтасынан 6 орам және үйін тінту кезінде тағы 10 орам – 1,065 грамм героин табылып, тәркіленді.


"Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді", – деді облыстық ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: