ҚР арнаулы мемлекеттік органдарының генерал-лейтенанты Болат Баекенов дүниеден озды
Сурет: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі
81 жасына қараған шағында еліміздің арнаулы мемлекеттік органдарының ардагері генерал-лейтенант Болат Баекенов ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабармен ҚР Мемлекетттік күзет қызметі бөлісті.
Болат Әбдірахманұлы әр жылдары ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ басқарды, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды.
1997-2001 жылдары генерал-лейтенант Болат Баекенов ҚР Президент күзет қызметінің бастығы болды және оның дамуына үлкен үлес қосты.
"ҚР Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Болат Әбдірахманұлының жаны жәннатта болып, нұры пейіште шалқысын. Қазаның арты қайырлы болсын", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript