Тоқаев ауыл мен қала тұрғындарының мүмкіндігіндегі алшақтықты қысқарту керек екенін айтты

Тоқаев ауыл мен қала тұрғындарының мүмкіндігіндегі алшақтықты қысқарту керек екенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2023 14:53 Сурет: akorda.kz
Президенттің сөзінше, Ауыл тұрғындары басқа мәселелерге қарағанда, жерді пайдалану, жайылымдарды бөлу, инфрақұрылымдардың қолжетімділігі мен сапасына қатысты мәселелерді жиі көтереді.
"Сондықтан құқықтық насихат бағытындағы сіздердің күш-жігерлеріңіз ауыл мен қала тұрғындарының мүмкіндігі арасындағы алшақтықты дәйекті түрде қысқартуға тиіс. Омбудсмен өкілдіктері өңірлерде құқықтық сауаттылықты арттыруға тиімді ықпал ете алады. Жергілікті қоғамдастықтар азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат алуға тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Адамдар қабылданып жатқан шаралардың нақты нәтижесін көріп, бағалай алуы қажет.


"Бұл – басты міндет. Елімізде жолға қойылған Уәкілдер жүйесі өзіне жүктелген міндетті толық орындауға тиіс. Аталған бағыттағы қызмет – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам".Мемлекет басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: