Тоқаев кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтуді тапсырды

Кәмелетке толмағандарға жасалатын зорлық-зомбылық, жолдау, жаза, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 12:53 Сурет: freepik
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті жолдауында кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз" деген президент жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек екенін баса айтты.

"Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін".Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ мемлекет басшысы тағы бір маңызды мәселе – өскелең ұрпақтың психикалық саулығына тоқталып, білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет екенін айтты.

"Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек", – деп түйіндеді ойын президент.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: