Алматыда атыс болып, екі адам жарақат алды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан "Сансет" мейрамханасында сағат 00:30 шамасында атыс болды. Куәгерлердің айтуынша, бетперде таққан 4 адам ғимарат ішінде Макаров тапаншасынан оқ атқан. Бір адам қарнынан, ал екіншісі аяғынан жарақат алды, деп хабарлайды Zakon
Полиция бұл фактіні Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасы тіркеп, тергеп жатқанын мәлімдеді.
"Қылмыс орнына қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Күдіктілердің бірі қамауға алынғаны, қалған қатысушылар анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылатыны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript