Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Түркия экспорттаушылар үшін кедендік рәсімдерді жеңілдетуге келісті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісім, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 10:47 Сурет: akorda.kz
Сенат депутаттары 7 қыркүйекте палатаның жалпы отырысында Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.


"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды сенат депутаты Бекболат Орынбеков таныстырды.

"Келісімді ратификациялау, екі мемлекеттің арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтермен электрондық алмасу арқылы кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға және жүргізу мерзімдерін қысқартуға бағытталған. Осылайша, кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау көзделген".Сенат депутаты Бекболат Орынбеков 

Оның сөзінше, қаралып отырған заңның ережелеріне сәйкес ақпарат алмасу, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға келесідей артықшылықтар қарастырылған:

  • өткізу пункттерінде шекарадан өтудің басым тәртібін жүзеге асыруды;
  • кедендік бақылау уақытын қысқарту мақсатында кедендік формальдықтарды оңайлатуды;
  • кеден ісі саласында құқық бұзушылықтардың және контрабанданың белгілері болған жағдайларды қоспағанда, өткізу пункттерінде кедендік жете тексеруден босату.

Сенатордың айтуынша, заң, Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталғанын көрсетеді.

Сенатор Нұрия Ниязова Түркия Республикасы Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін және Қазақстан Республикасымен саудада үшінші орында тұрғанын атап өтті.

2022 жылы тараптар арасындағы сауда көлемі 6,3 млрд доллар болса, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,9 млрд доллар болған.

Келісім ратификацияланғаннан кейін ақпарат алмасуға арналған Техникалық шарттарды әзірлеу кезеңі басталады, ол орта есеппен шамамен алты айға созылады. Осыдан кейін пилоттық жобаны іске асыру кезеңі басталады, оған да жарты жылдай уақыт қажет.

Пилоттық жоба ақпарат алмасудың техникалық шарттары негізінде байланыс арналары арқылы деректер алмасуды көздейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: