Қазақстанда күзде 19 мың адам әскери қызметке шақырылады
Сурет: akorda.kz
Күзгі шақыру кезінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 19 мыңнан астам қазақстандық толықтырады.
Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің (ДҰҰ) бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов мәлім етті.
Департамент басшысы облыстарда жергілікті атқарушы органдар әкімдерінің орынбасарлары басқаратын қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысына тоқталды.
"Биыл 1 қыркүйек пен 28 желтоқсан аралығында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатуға негіз жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы он тоғыз мыңнан астам мерзімді әскери міндеттілер толықтырады".Генерал-майор Бауыржан Артықов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript