Семейде көшеде айналасындағыларға пышақ кезеген әйел ұсталды
Сурет: polisia.kz
"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ өткізу барысында екі полицей әкімшілік учаскені аралау кезінде Перинаталдық орталық ғимаратының жанында қолына пышақ ұстаған әйелді байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Күдікті әйелдің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. 34 жастағы азамат полиция бөліміне жеткізілді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, әйелден тәркіленген зат суық қару болып шықты", делінген полиция хабарламасында.
ҚР ҚК 287-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталу үстінде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript