Ақтөбеде жеке күзет ұйымдарына полицейлер 100-ден астам заңсыз тексеріс жүргізген
Сурет: pixabay
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мониторингі барысында 2022-2023 жылдары жеке күзет ұйымдарына өңірлік ПД қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар түрінде 107 тексеріс жүргізгені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство полиция қызметкерлері апта сайын түнгі уақытта күзетшілердің формалық киімдерінің сәйкестігін тексеріп, құжаттарды, күзет объектілерімен шарттарды, күзетшілердің куәліктерін, лицензияларды талап етіп барғанын, күзетшілерді полицияға шақырғанын, жеткізгенін және т.б. әрекеттер жасағанын нақтылады.
"Бұл ретте, тексеру деректері мен нәтижелері тіркелмеген. Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, күзет қызметі саласындағы тексерулероргандарда тағайындаумен және тіркеу арқылы жалпы тәртіппен жүргізілуі тиіс" делінген хабарламада.
Осыған орай, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында, Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мүдделі тұлғалардың қатысуымен жұмыс кездесуін өткізіп, жағдайды шешу жөнінде ұсынымдар енгізді.
Нәтижесінде, бүгінгі күні заңсыз тексерулер практикасы тоқтатылып, 208 кәсіпкер өз қызметін кедергісіз атқарып жатқаны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript