БҚО-да жантүршігерлік жол апаты орын алып, 4 адам қаза тапты

Жол апаты, БҚО, Орал-Кирсанов тас жолы, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2023 18:19 Сурет: polisia.kz
22 қыркүйекте Орал-Кирсанов тас жолында "ВАЗ-2112" және "Лада Гранта" автокөліктері бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және "Лада Грантадағы" екі жолаушы оқиға орнында мерт болды. Сондай-ақ, "Лада Грантадағы" тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.


"Жол апатының себептері анықталу үстінде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345–бабы 4–бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде".БҚО ПД баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: