Жаңалықтар тізбегі
0

"Ұмраға апарамын!". Шымкентте 245 адамды алдап соққан туристік фирма басшысы сотталды

Сот үкімі, Шымкент, ұмра, қажылық, Кәусар Трэвел, туристік фирма басшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2023 20:50 Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қазақстаннан қажылық сапарға бармақ болғандарды алдаған "Kausar Travel" туристік фирмасы директорына қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен (ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау жолымен екі немесе одан да көп адамның мүлкін ірі мөлшерде жымқыру) айып тағылған.

Сотта сотталушының 2022 жылдың қазан айы мен 2023 жылдың қаңтар айы аралығында "Instagram" әлеуметтік желісі арқылы 245 жәбірленушіні Сауд Арабиясы Корольдігіне "Ұмра" қажылығына бару үшін туристік жолдамаларды рәсімдеп беремін деп алдап ақпарат беріп, олардың жалпы 255 млн астам теңге қаражатын иемденгені анықталды.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен және істегі басқа да матералдармен толық дәлелденеді.

Прокурор сотталушыға түпкілікті 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер, керісінше қатаң жаза талап етті.

Сотталушы және оның қорғаушылары, сотталушының алаяқтық жасауға ниеті болмағанын көрсетіп, оны ақтауды сұрады.

"Сот, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың анықталмағанын, сотталушының істеген іс-әрекетінің ауырлығын сезінбегенін, өкініш білдірмегенін, қылмыспен келтірілген материалдық залалдың орны толмағанын және жәбірленушілердің қатаң жаза тағайындау туралы пікірлерін ескерді .Сот үкімімен сотталушы М. алаяқтық жасауда кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және туризм саласындағы қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды. Жәбірленушілердің талап арыздары бойынша, жалпы 225 млн. теңге өндіру талабы қанағаттандырылды", делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: