Ақша инвестициялауға шақыратын жарнамаға алаяқтар Әлихан Смайыловтың суретін пайдаланған

Әлихан Смайылов, инвестиция, криптовалюта, фейк, алаяқтық, жарнама, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2023 18:30 Сурет: primeminister.kz
Әлеуметтік желіде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың суреті бар алаяқтардың жарнамасы тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандық сайттардың бірінде жарияланған Үкімет басшысының сұқбатында алаяқтар оқырмандарды криптовалютаға қаражат салу үшін белгілі бір платформаны пайдалануға шақырады.

Stopfake.kz мұның фейк екенін хабарлайды.

Сондай-ақ Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын растады және қазақстандықтарды алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.

Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілер әкімшілігінен заңсыз контентті бұғаттау туралы өтініш жолдағанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: