Ақмола облысында ер адам электр бағанынан құлап, мерт болды
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Өңірлік полиция басқармасы аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 156-бабы, 3-бөлігі, "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жазатайым оқиға 24 қыркүйекте Степногорск қаласында болған. Қалалық полиция басқармасына түсте жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, кәсіпорында жұмыс істейтін ер адамның қаза тапқанын жеткізген.
"Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел тергеу тобы кәсіпорын аумағындағы Заводская кентінде электр жөндеу жұмыстары барысында Ақкөл қаласының 35 жастағы жұмысшысы опат болғанын анықтады. Ер адам бетон бағанмен бірге құлап, мерт болды", делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript