Оралда Mercedes көлігі ағашқа соғылып, екі адам мерт болды
Сурет: Zakon.kz
Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы, яғни "ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, Дерқұл ауылында Даль көшесінде Mercedes көлігін тізгіндеген 29 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Апат салдарынан жүргізуші мен 58 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
"33 жастағы тағы бір жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, - деп түсіндірді құзырлы ведомство.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript