Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайдың арзан тауарларына тапсырыс беріп, алданған бір топ адам не істерін білмей дал

Уатсап арқылы тапсырыс қабылдау, Қытайдың арзан тауары, алданғандар, алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2023 21:37 Сурет: видеодан алынды
Алматыда тапсырыс беріп, Қытайдан арзан тауар алдыртпақ болған бір топ адам полиция алдында шу шығарды. Өйткені бұлардың миллиардтаған теңгесін қалтаға басқан әйел әлі бостандықта жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметі аталған фактіге қатысты 21 адамның арызы бойынша тергеу басталғанын жеткізді. Уатсап арқылы тапсырыс қабылдап, ақшаны шотына аударған соң, күнде ертеңмен тойдыратын келіншекке алданғандар әлдеқайда көп болуын полиция да мойындап отыр. Қазіргі белгілі залал көлемі - 3 млрд теңге, деп хабарлайды КТК.

"Аймұратова, бізге айтылды, прокуратураның үкімі бойынша ол үй қамаққа алынды деп. Үйінен шықпайды, үйінде отырады деп. Кеше кешке жақын ол кісі қоймада халыққа тағы да өтірік уәде беріп жүр. 2021 жылдан бері өтірік уәдесіне тойдық".Мақпал Сиқымбекова

Алданғандар Қытай зауыттарынан тауар сататын Whatsapp желісіндегі топқа ақша төлеп қосылған. Ұнағанын таңдап, тапсырыс береді. Тауардың уақтылы берілетініне көз жеткізген соң, көтерме саудамен айналысқысы келетін адамдарды жинап, олардан миллиондарға тапсырыс қабылдайды. Бірақ соңында ақша да, тауар да жоқ болып шықты. Енді әрқайсысының артындағы тапсырыс берушілер де қыруар қаражатын талап етіп шырылдап жүр.

"Өзімнің бергенім 400-500 миллионды құрайды. Ол үлкен сома және біздің ақшамыз емес, халықтың ақшасы. "Бізге кішкене тауар беріңіз, халықты көндірейік, түсіндірейік, тауарлар келіп жатыр деп айтайық" деген кезде, ол қойма мөрленген деген еді. Бізге бір жерден хабар келді, "тауарлар келіп жатыр" дегеннен кейін бәріміз бардық. Барсақ, тауар келіп жатыр. Ол жерде ешқандай құзырлы орган жоқ".Тұрсынай Жаналысова

Полицейлер күдіктіге қатысты аса ірі көлемде алаяқтық бойынша тергеудің әлі де жалғасып жатқанын жеткізді. Ал оны үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын сот бүгін шешеді деп отыр.

"Тергеуде бұлтартпау шарасын сот органдары тағайындайды. Ол ресми түрде күдікті болып танылды. Қылмыстық іс бойынша ресми түрде 21 азамат арыз түсіріп, олар жәбірленуші болып танылды. Қазір тергеу амалдары, тиісті сараптамалық зерттеу тағайындалды. Қазақстанда жәбірленушілер болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармаймыз". Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек

Алаяқ әйелге, кейбір есеп бойынша, 130 адам сенемін деп алданып қалған. Ең көбі 600 миллион теңге санап беріпті. Ал шамамен 40 адам 3 миллиард теңгені қайтара алмай жүр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: